Ссылки доступа

Өзбекстанда науқастарды ауруханадан тыс жерде емдеген дәрігерлер жазаланады


Өзбекстанда коронавирус жұқтырған науқастарды ауруханадан тыс жерде емдеуге тыйым салынды.

Бұл туралы Өзбекстанның денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Министрлік қаулысына сәйкес, елдегі барлық емдеу мекемелерінің дәрігерлері науқастарды ауруханадан тыс жерде емдеуден бас тартатыны туралы қолхат тапсыруы тиіс. Тәртіпті денсаулық сақтау министрлігінің басқармасы қадағалайды.

Жекеменшік медициналық ұйымдар да жаңа талапты орындауы тиіс.

"Тәртіп бұзғандар жазаланады" делінген Денсаулық сақтау министрлігі таратқан хабарламада.

XS
SM
MD
LG