Ссылки доступа

Ресейден еліне жеткізілген өзбекстандықтар карантинге жатқызылды


Ресейден еліне жеткізілген 918 өзбекстандық Наманган облысы Пап ауданындағы карантин аймағына жатқызылды. Бұл туралы облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мекеме мәліметіне қарағанда, 9 тамызда "Самара – Бузулук – Ташкент – Пап" пойызымен еліне жеткен азаматтар бірден дезинфекциядан өткізіліп, 10 күнге карантинге алынды.

Осыған дейін Өзбекстанның Көлік министрлігі орыс-қазақ шекарасында топталып тұрған өзбекстандық азаматтарды қайтарып жатқанын хабарлаған.

6 тамызда Бузулук-Ташкент, 7 тамызда Кинель-Ташкент бағыттарымен әрқайсысында 918 жолаушысы бар екі пойыз шыққан. Олардың Өзбекстанның Ұлттық гвардиясының, ішкі істер және денсаулық сақтау министрліктерінің қызметкерлері алып жүрген.

10 тамызда Ресейден Самарқандқа тағы 918 өзбекстандық пойызбен келді. 13 тамызда Ростов облысынан шыққан пойыз тағы 918 жолаушыны Ташкентке жеткізбек.

XS
SM
MD
LG