Ссылки доступа

Түркіменстанда екі ағайынды сенімі үшін екінші рет сотталды


Түркімен соты ағайынды Эльдор және Санжарбек Сабуровтарды түрмеге жапты.
Түркімен соты ағайынды Эльдор және Санжарбек Сабуровтарды түрмеге жапты.

Түркіменстанда сенімі үшін әскери борышын өтеуден бас тартып жатқандарды соттап жатыр.

Иегова куәгерлері ұйымының баспасөз хатшысы Джаррод Лопес Азаттықтың түркімен қызметіне жолдаған хатында екі түркімен азаматының сенім жолында қолына қару ұстап, әскери қызметтен бас тартқаны үшін ағайынды Сабуровтарың осымен екінші рет сотталғанын айтты.

6 тамызда түркімен соты 21 жастағы Эльдор Сабуровты және 25 жастағы Санжарбек Сабуровты екі жылға түрмеге жабу туралы шешім шығарған.

Діни ұйымның өкілі Түркіменстанда бұдан бөлек сенімі үшін тағы да он адамның абақтыда отырғанын жеткізді.

Санжарбек Сабуров бірінші рет әскерге 2016 жылы шақырылған. Бірақ ол қолына қару ұстаудан бас тартқан. Осы үшін екі жылға сотталған.

Эльдор да әскерге барудан бас тартқан. Оны екі жылға қоғамдық жұмысқа тартып, айлығынан 20 пайыз ұстап отыру туралы шешім шығарған.

"Олардың әкесі ауру, жұмыс істеуге жарамсыз. Ағайындылар отбасын асырау үшін мақта егеді. Қазір екеуі де түрмеде, отбасын асырайтын ешкім жоқ", - делінген Джаррод Лопес жолдаған хатта.

"Human Rights Watch" құқық қорғау ұйымының Орталық Азия бойынша бөлімінің директоры Рейчел Денбер түркімен билігі тез арада Элдор мен Санжарбек Сабуровтарды бостандыққа шығару керек деп мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG