Ссылки доступа

Тәжікстанда сарбаз қазасынан соң оның төрт қызметтесі ұсталды


Архивное фото
Архивное фото

Тәжікстан қорғаныс министрлігінің 87740 әскери бөлімінде бір сарбаз қайтыс болып, оның төрт қызметтесі ұсталды.

22 жастағы Рамазон Зоировтың денесін шілде айының соңында ата-анасы алып кетті. Оларға сарбазды абайсызда атып өлтірген деп хабарлаған, бірақ марқұмның ата-анасы бұған сенбей отыр.

Хатлон гарнизоны әскери прокуратурасының тергеушісі 11 тамызда қылмыстық іс аясында төрт сарбаз күдікті ретінде ұсталғанын хабарлады.

Қазір олар уақытша тергеу абақтысында отыр.

"Тергеуші әскерде жүргенде балам шағынданды ма деп сұрады. Мен жоқ деп жауап бердім", - деді марқұмның әкесі Киёмиддин Зоиров.

Рамазон Зоиров өткен жылы әскерге қабылданған.

XS
SM
MD
LG