Ссылки доступа

Қырғызстанда биыл қыста электр қуаты тапшы болады


Токтоғұл қоймасында судың аз болуына байланысты биыл күз-қыс маусымдарында Қырғызстанда электр қуаты тапшы болады. Бұл туралы елдің 40 пайызын жарықпен қамтитын "Северэлектро" компаниясы хабарлады.

Үкімет судың аз болатынын 2020 жылдың басында-ақ ескертен. Сол кезде билік су деңгейі 10-12 пайыз төмен болады деп болжаған.

Қырғызстанда су ресурсы өз аумағында жасақталады. Республикада су мен гидроэлектр ресурсы жеткілікті. Су ресурсы 6580 мұздықтан бастау алады.

Соған қарамастан республика ауыз су тапшылығын көріп келеді. Қуаңшылық жылдары судың тапшылығы қатты сезіледі.

2010 жылы үкімет елде су электр желілерін тартуға, электр орталықтарын жөндеуге қыруар несие алған. Билік оны 2045 жылға таман төлеп бітеді. Қарыз - 160 млрд сом.

XS
SM
MD
LG