Мекеме мәліметінше, өткен тәулікте 44 адам COVID-19 вирусымен ауруханаға түскен. Бір науқас қайтыс болған.
11 тамыздағы мәлімет бойынша, Тәжікстанда жалпы вирус анықталғандардың саны 7871-ге жеткен. 6653 науқас емделіп шыққан, бұл - ауырғандардың 84,5 проценті.
Қазір ресми мәлімет бойынша, 85 медициналық мекемеде 7 мың 500 дәрігер мен 25 мың медициналық қызметкер жұмыс істейді.
Америкалық Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, коронавирус пандемиясы басталғалы бері әлемде 20 млн адам ауырған, 737 мыңы қайтыс болған.
11 тамызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус коронавируспен күресте үміт сәулесі пайда болғанын жариялады.
"Қазір көп адам жақындарын жоғалтып, қайғырып жатыр. Бірақ мен вирусты жеңуде үміт барын айтқым келеді. Ол қандай ел, қала, аймақ болмасын COVID-19 ошағы шыққан жерді баса аламыз", - деді Женевада ұйымның штаб-пәтерінде өткен баспасөз мәслихаты кезінде.