Ссылки доступа

Бішкекте ұсталған өзбек журналисі Бобомурод Абдуллаевқа адвокат жібермеді


Журналист Бобомурод Абдуллаев.

Қырғызстан астанасында 9 тамызда ұсталған өзбек журналисі Бобомурод Абдуллаевқа адвокат жібермеді. Бұл туралы "Озодликқа" оның адвокаты Наталья Котик хабарлады.

Оның айтуынша, екі күннен бері ол Бобомурод Абдуллаевпен кездесе алмай жүр. Өзбек журналисі қазір Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Бішкектегі тергеу абақтысында отыр.

– Олар 14 күн карантинді сылтау етті. Бобомурод та, мен де ауру емеспін, - деді адвокат Наталья Котик.

Еске салайық, өзбек журналисін 9 тамызда кешке Бішкек қаласындағы кафелердің бірінде қырғыз арнайы қызметінің өкілдері ұстады. Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті журналист Өзбекстан сұрауы бойынша қамауға алынғанын хабарлады.

10 тамызда 1-май аудандық соты Абдуллаевты 8 қыркүйекке дейін абақтыда ұстау туралы шешім шығарды.

Абдуллаев Қырғызстанға биыл ақпан айында Орталық Азия америкалық университетінің шақыртуымен келген. Алайда төрт айлық оқу аяқталған соң ол Еуропаға кете алмай қалғады - бұл уақытта карантин басталған еді.

XS
SM
MD
LG