Ссылки доступа

Өзбекстанда карантин кезінде адамдар банк алдында кезекте тұр (видео)


Люди стоят в очереди возле здания «Халк Банка» в Навоийской области.

Өзбекстан аймақтарындағы банк бөлімшелерінде ақша аударымдарын алу тағы да қиындап кетті.

Карантин шектеулеріне қарамастан адамдар банк ғимараттары алдында ұзын-сонар кезекке тұруға мәжбүр. Сұрқандария облысының бір тұрғынының айтуынша, 10 тамызда ол "Капиталбанк" бөлімшесінде кезекке 170-ші болып тұрған. Әндіжан және Ферғана облыстарының тұрғындары да шағымданым жатыр. Өзбекстан орталық банкінің өкілі бірқатар банк бөлімшесінде қолма-қол ақша алу қиындағанын мойындады.

Сұрқандария ауданының Шахрух есімді тұрғыны екі күннен бері Ресейден әкесі жолдаған ақшаны ала алмай жүр.

– 10 тамызда кезекте 170-ші болып тұрдым. Кешеден бері кезек маған әлі жетпеді. Кейбір адамдар мұнда өткен аптадан бері кезекте тұр, - деді ол.

"MoneyGram" жүйесі арқылы ақша аударымы Өзбекстанға 5 минутта түседі. Ақшаны алушыға тапсыру - Өзбекстан банктерінің міндеті.

XS
SM
MD
LG