Ссылки доступа

Соғдыда коронавирус жұқтырғандар көбейді, бірақ тәжік билігі "екінші толқынды" мойындамай отыр


Машина скорой помощи в Худжанде
Машина скорой помощи в Худжанде

Соғды билігі бір айдың ішінде коронавирус жұқтырғандар аймақта екі есеге көбейгенін мәлімдеді. Алайда аймақта қанша адам вирус жұқтырғаны хабарланбады.

12 тамызда коронавируспен күрес жөніндегі облыстық штабтың отырысы өтті. Онда вирус жұқтырғандар көбейгені айтылды. "Бұған дейін облыстық ауруханаға бір-науқас түссе, енді күніне 8-9 адам келеді" дейді штаб өкілдері.

Аймақ әкімшілігінің өкілі қазір облыстық ауруханада 26 адам карантинде екенін айтты, бірақ қанша адам коронавирус жұқтырғанын жасырып қалды. Оның айтуынша, мұндай ақпаратты республиканың денсаулық сақтау министрлігі ғана бере алады.

Облыстағы ауруханаларда жұмыс істейтін дәрігерлердің айтуынша, соңғы уақытта вирус жұқтырған науқастар көбейген.

Тәжікстанның денсаулық сақтау министрлігі тәулігіне қырық шақты адам коронавирус жұқтырды деген мәлімет таратып отыр, бірақ аймақтарда қанша адам вирус жұқтырғаны туралы ақпарат бермейді.

Ресми мәлімет бойынша, Тәжікстанда 7870 адам коронавирус жұқтырған, 63 адам қайтыс болған.

XS
SM
MD
LG