Ссылки доступа

Бішкек әкімшілігі электробустар сатып алады


Қырғызстан астанасында электробустар қатынайды. Ол үшін арнайы инфрақұрылым салынады. Бұл туралы Бішкек әкімшілігі хабарлады.

Жобаны жүзеге асыруға Азия даму банкі көмектеседі. Жоба құны - 58,9 млн доллар. Азия даму банкі соның 50 млн долларын береді. Құжат әлі бекітілмеген.

Жоба төрт кезеңнен тұрады. Әуелі автобус парктері жаңартылып, одан соң электробустар жүретін "жасыл" дәліздер пайда болады.

Қаражаттың көп бөлігі электробустарды сатып алуға жұмсалады. Әзірге қанша электробус алынатыны хабарланбады.

Бір миллион тұрғыны бар Бішкек қаласында 110 троллейбус, 120 автобус және 2 мыңнан астам микроавтобус жолаушы тасиды.

XS
SM
MD
LG