Ссылки доступа

Қырғыз журналисі Айданбек Акматов Facebook желісіндегі посты үшін тергеуге шақырылды


Қырғыз журналисі Айданбек Акматов 11 тамызда Facebook парақшасына жариялаған олигархтардың саясатқа ықпалы туралы жазбасы үшін ішкі істер министрлігі тарапынан тергеуге шақырылған. Бұл жөнінде ол Азаттықтың қырғыз қызметіне хабарлады.

Ол 22 маусымда "Олигархат же үч баштуу ажыдаар" («Олигархат немесе үш басты айдаһар») деген пост жазған. Онда автор "2010-2015 жылдары олигархтар өзінің партиясын құрып, саясатқа ықпал етіп, ұлттық ресурстарды ұрлаумен айналысқан" деп жазған. Постта президент Сооронбай Жээнбеков парламентті жасақтауда олигархтарды пайдаланып отырғанын айтып, кезінде бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев та осылай жасаған деген.

Ол өзін тергеуге шақыруын саяси көзқарасымен тікелей байланыстырады.

"Менің постым ua.kg сайтында жарияланыпты. Осы материал негізінде сотқа дейінгі тергеу ісі жүріп жатыр. Бұл маған саяси белсенділігім үшін жасап жатқан қысым. Конституция кез-келген адамға көзқарасын ашық жеткізуге мүмкіндік береді. Мен елде болып жатқан жағдайларға байланысты саяси көзқарасымды жеткіздім. Егер осылай бола барсе, әрі қарай қалай болмақ? Онда 30-жылдардағы оқиғалар жәй күлкілі болып қалады", - деп мәлімдеді журналист.

XS
SM
MD
LG