Ссылки доступа

Журналист Абдуллаевтың анасы Мирзияевке хат жазып, баласын босатуын сұрады


Өзбекстан президентіне жазған хатында ана баласының "дұшпандар жаласы кесірінен" қамауда отырғанын, "оған президент қана араша түсе алатынын" жазған.

"Ұлым сізді үнемі қолдайтын. "Мирзияев болмағанда, мен ешқашан бостандыққа шықпас едім" дейтін. Бізге көмектесуіңізді сұраймын. Балама жала жауып, оның көзін құртпақ. Мен Мирзо-Ұлықбек ауданы прокуратурасының айыптауларымен келіспеймін. Оны ұлыма қарсы тағылған жала деп есептеймін", – деді Гавхаржон Мадаминова президент Шавкат Мирзияевке арнаған видеоүндеуінде.

Еске салайық, журналист Бобомурод Абдуллаевқа "Өзбекстан президентіне тіл тигізді", "Өзбекстанның конституциялық құрылымына нұқсан келтірді" деген айыптар тағылған.

Өзбекстанның күш құрылымдары Абдуллаевты Facebook пен Telegram'да "Қора мерган" деген лақап атпен жариялаған материалдардың авторы деп есептейді. Бұл материалдарда өзбек билігіне сын айтылған.

Журналисті Бішкек қаласында ұстады. Халықаралық ұйымдар Қырғызстан билігінен өзбек журналисін босатуды талап етті.

8 қыркүйекке дейін Абдуллаев Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің тергеу абақтысында отырады.

XS
SM
MD
LG