Ссылки доступа

Беларусьтегі наразылық акциялары кезінде Түркіменстанның жеті азаматы ұсталды


Протесты в Белороуссии. Минск. 12 августа 2020 г.
Протесты в Белороуссии. Минск. 12 августа 2020 г.

Беларусьте 11 тамызда қамаудан босаған ресейлік журналист Семён Пеговтің хабарлауынша, онымен бірге камерада Түркіменстан мен басқа да елдердің бірінше азаматы отырды.

Оларды 10 тамызда президент сайлауының ресми нәтижесіне қарсы наразылық кезінде ұстаған.

"Тергеу абақтысы толып қалды. Тізім атымен жоқ. Ол жерден іздеген адамды табу мүмкін емес. Мен бір камерада Италияның, Швейцарияның, Қырғызстанның, Түркіменстанның азаматтарымен бірге отырдым. Оларға да көмек керек" деді журналист.

Бұл уақытта "Хроники Туркменистана" басылымы Беларусьтегі наразылықтар кезінде жеті түркімен студенті ұсталғанын хабарлады.

Тәуелсіз басылым мәліметіне қарағанда, түркімен азаматтарының ұсталғаны туралы хабар 11 тамызда таңертең белгілі болған. Бір сағаттан соң Түркіменстан сыртқы істер министрлігінде шұғыл жиналыс өткен.

"Түркіменстан билігінің жазған хатында түркімен тарапы олардың Беларусь заңы негізінде жауапқа тартылғанына қарсы емес екенін айтылған. Бұған қоса, түркімен тарапы ол студенттер туралы толық мәлімет сұратқан", деп хабарлады "Хроники Туркменистана" басылымы.

Айта кетейік, Түркіменстан президенті Гурбангұлы Бердымұхамедов Беларусь президенті Александр Лукашенконы сайлаудағы жеңісімен әлі құттықтаған жоқ.

XS
SM
MD
LG