Ссылки доступа

Тәжікстанда шенеуніктер құсты, малды және бағалы заттарды табыс декларациясына толтырады


Тәжікстан үкіметі мемлекет қызметкерлерінің табыс және мүлік декларациясының жаңа үлгісін бекітті.

Бұған дейін шенеуніктер табыс декларациясына жалақысы, табысы, пәтері, үйі, жері және автокөлігі туралы мәлімет беретін.

Олар енді табыс салығы бойынша декларацияға жалға беретін мүлкі, банк салымдары мен бағалы қағаздардан түсетін табысты да көрсетуі тиіс.

Мүлік декларациясында шенеуніктер иелігінде мал мен құс санын, бағалы металл мен тасты көрсетуі керек.

Тәжікстанда шенеуніктер декларацияны салық органдарына жыл сайын 1 сәуірге дейін тапсыруы керек. Салық декларациясын тапсырмағандар қызметке алынбайды немесе жұмыстан шығарылады.

XS
SM
MD
LG