Ссылки доступа

Түркіменстан оңтүстігінде ашынған халық орталық көшені жапты (видео)


12 тамызда Түркіменстан оңтүстігіндегі Мары қаласында жүздеген адам орталық көшені жапты.

Халықтың бұлай ашынуына "Сенагат" және "Дайхан" банктерінің ауыл тұрғындарына қызмет көрсетуден бас тартуы себеп болған.

Мары қаласының Молланепес орталық көшесінде төрт бірдей банк ғимараты және базар мен дүкендер орналасқан. Қазір мұнда тұрғындар банкоматтан ақша алу үшін, тәулік бойы кезекте тұр.

Сәрсенбі күні "Сенагат" және "Дайхан" банк қызметкерлері тек қалада тіркеуі бар азаматтарға ғана қолма-қол ақша алуына рұқсат беріледі деп ескерткен. Бұл ауылдан арнайы келген тұрғындардың ашу-ызасын туғызған. Олар қарсылық білдіріп, Молланепес көшесін жапқан.

Куәгерлердің бірі Азаттық радиосының түркімен қызметіне сол заматта ондаған полиция қызметкері келіп, наразылықты басуға тырысқанын жеткізді. Бір полицей ер адамның қолын қайырып, әкетпек болған. Бірақ халық оны жібермей, полиция өкілдеріне қарсылық білдіре бастаған.

Жарты сағат өткеннен кейін қосымша күш келіп, наразы топты басқан. Құқық қорғау органдары өкілдерімен төбелескен ер адамдарды полиция бөлімшесіне алып кеткен.

Ал келесі күні, 13 тамызда таңғы сағат 6:00-дан бастап аталған банктерді полиция жасағы күзетіп тұрған.

COVID-19: Безвыходность заставляет туркменистанцев нарушать ограничения
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:36 0:00

Түркіменстанда мемлекеттік, бюджет қызметкерлері және зейнеткерлер мен студенттер ақшаны төлем карталары арқылы алады. Базарға баратын халық алдымен банкоматтардан қолма-қол ақша алады.

Экономикалық дағдарыс күшейген тұста ауыл тұрғындары азық-түлік алуға қалаға бара бастады. Олар алдымен банкоматқа барып ақша алуға кезекке тұрады.

Биыл сәуірде Марыда қарсылық шарасы болған. 3 сәуірде бірнеше ондаған тұрғын азық-түлік тапшылығына наразы болып, көшені жапқан.

XS
SM
MD
LG