Ссылки доступа

Тәжікстан ән ұранының авторы коронавирустан қайтыс болды


Тәжікстан гимнің сөздерін жазған ақын Гулназар Келди қайтыс болды. Оны 13 тамызда Лучобе зиратына жерледі. Танымал ақын коронавирус күдігімен ауруханаға түскен.

"Біз үлкен әріппен жазылатын Ақынды жоғалтып алдық. Ол тәжік поэзиясы мэтрлерінің бірі еді. Соңғы жылдары Гулназармен бір кабинетте жұмыс істедік. Ол Абуабдулло Рудаки атындағы мемлекеттік сыйлықты беру бойынша комитет төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді. Ауыр індеттен қайтыс болды", - деді ақын Рахмат Назри.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон да ақынның туыстары мен жақындарына көңіл айтқан.

Гулназар Келди 1945 жылы туған. СССР тұсында түрлі сыйлықтың иегері атанған ол Тәжікстан тәуелсіздік алғаннан кейін де түрлі лауазымды қызметтер атқарып, мемлекеттік сыйлықтармен марапатталған.

XS
SM
MD
LG