Ссылки доступа

Дереккөз: Ауыр қылмыспен айыпталған өзбек арнайы қызметінің полковнигі лауазымды қызметке оралған


Таймураз Алимов.
Таймураз Алимов.

2019 жылдың соңында түрмеден босатылған полковник Таймураз Алимовтің Өзбекстан мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің (МҚҚ) Қашқадария облыстық басқарма басшысы болып тағайындалғанын Азаттықтың өзбек қызметіне үш бірдей дереккөз растаған.

13 тамызда Өзбекстанның құқық қорғау органдарында жұмыс істейтін дереккөз 44 жастағы Таймураз Алимовтің лауазымы көрсетілген құжатты көзімен көргенін жеткізді.

Екінші дереккөз Таймураз Алимовті Қашқадария облысының әкімдігінде өткен жиналыста көргенін айтты. Үшінші дереккөздің сөзінше, Алимов фамилиясын облыстық әкімдік бұйрығындағы мәтіннен байқап қалған.

Өзбекстан бас прокуратурасының баспасөз қызметі Таймураз Алимов жайлы қандай да бір пікір білдіруден бас тартты.

"Бұл сұраққа жауап беру біздің құзырымызға кірмейді. Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінен сұраңыз", - деді баспасөз қызметі өкілі.

Бірақ арнайы қызметпен байланысу мүмкін болмады.

44 жастағы өзбек арнайы қызметінің полковнигі Таймураз Алимов 2018 жылдың 26 ақпанында ұсталған. Оған қатысты "Қасақана кісі өлтіру", "Қызмет бабын асыра пайдалану" және "Кінәсіз адамды жауапқа тартты" деген баптар бойынша қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болған.

Үкімет шенеунігіне жақын адамның хабарлауынша, Таймураз Алимов әскери прокуратураның сұрауы бойынша ұсталып, ішкі істер министрлігінің тергеу абақтысында отырған. Бірақ 2019 жылдың соңында ол босап шыққан.

2018 жылы Ташкенттегі құқық қорғаушылардың Бастамашыл тобының жетекшісі Сурат Икрамов түрмеде отырған ондаған тұтқын Таймураз Алимов басшылық еткен тұста өлтірілді дейді.

Құқық қорғаушы Алимовтің "арнайы қызмет үшін ұнамсыз адамдарды" және "құпия оқиғалардың куәгерлері" болған адамдарды өлтіру бойынша қозғалған қылмыстық істе айыпталушылардың бірі болғанын айтады.

XS
SM
MD
LG