Ссылки доступа

Халықаралық ұйымдар өзбек журналисі Бобомурод Абдуллаевты босатуды сұрайды


Өзбек журналисі Бобомурод Абдуллаев
Өзбек журналисі Бобомурод Абдуллаев

Халықаралық құқық қорғаушылардың Human Rights Watch (HRW) ұйымы Қырғызстан билігінен өзбек журналисі Бобомурод Абдуллаевты Ташкентке бермеуді сұрады.

Журналист 9 тамызда Бішкек кафелерінің бірінде отырған жерінен арнайы қызмет тарабынан ұсталған. Қырғызстанның арнайы қызметі Бобомурод Абдуллаевты Минск конвенциясына сәйкес өзбек тарабының сұрауы бойынша ұстағанын мәлімдеді.

Қазір журналисті Өзбекстанға экстрадициялау мәселесі қаралып жатыр.

HRW Қырғызстан билігін өзбек журналисін тез арада босатуға шақырды.

"Оны Ташкентке берген жағдайда азаптауға ұшыруы мүмкін" делінген HRW Еуропа және Орталық Азия бойынша директоры Хью Вильямсон мәлімдемесінде.

10 тамызда 1-май аудандық соты Абдуллаевты 8 қыркүйекке дейін абақтыда ұстау туралы шешім шығарды.

Еске салайық, журналист Бобомурод Абдуллаевқа "Өзбекстан президентіне тіл тигізді", "Өзбекстанның конституциялық құрылымына нұқсан келтірді" деген айыптар тағылған.

Өзбекстанның күш құрылымдары Абдуллаевты Facebook пен Telegram'да "Қора мерган" деген лақап атпен жариялаған материалдардың авторы деп есептейді. Бұл материалдарда өзбек билігіне сын айтылған.

Абдуллаев Қырғызстанға биыл ақпан айында Орталық Азия америкалық университетінің шақыртуымен келген. Алайда төрт айлық оқу аяқталған соң ол Еуропаға кете алмай қалғады - бұл уақытта карантин басталған еді.

XS
SM
MD
LG