Ссылки доступа

Өзбекстанда дәрігер Жоғарғы соттың бұрынғы қызметкерін өлтірді деген күдікпен ұсталды


Соттың бұрынғы қызметкерінің денесі Ташкент облысында чемоданнан табылған.

Өзбекстанның Бас прокуратурасы іс бойынша екі күдікті ұсталғанын хабарлады.

Мәліметтерге қарағанда, биыл 7 тамызда марқұм Республикалық шұғыл медициналық көмек ғылыми орталығында істейтін Р.Х есімді танысымен кездескен. Дәрігер оны бос бөлмеге алып барып, медициналық орынға жатқызып, басынан ауыр затпен ұрған, одан соң тұншықтырған.

Қылмысын жасыру мақсатында күдікті оның денесін чемоданға салған, ал дәрігердің танысы оны Кибрай ауданында Бозсу су арнасына тастаған.

Тергеу комитетінің дерегі бойынша, соттың бұрынғы қызметкері дәрігердің отбасын қорқытқан болуы мүмкін.

Дәрігер кісі өлтіру қылмысы бойынша қамауға алынды. Тергеу барысында бірнеше сараптама жасалады.

XS
SM
MD
LG