Ссылки доступа

БҰҰ Өзбекстанда пандемиядан қатты зардап шеккендерге көмектеседі


Біріккен Ұлттар Ұйымының Өзбекстандағы жүйесі 1 миллион доллардың бірлескен бағдарламасын жүзеге асыра бастады. Жоба коронавирус пандемиясынан қатты зардап шеккендерге көмектесуді көздейді.

БҰҰ-ның Өзбекстандағы даму бағдарламасы өкілдерінің хабарлауынша, жобаны жүзеге асыруға ЮНИСЕФ, ЮНФПА және Миграция жөніндегі халықаралық ұйым көмектеседі.

Ұлттық әріптестер арасында Өзбекстан парламентінің комиссиясы, экономикалық даму министрлігі, азаматтық қоғам ұйымдары бар.

Коронавирус пандемиясы кезінде жұмыссыз қалған жастар, әйелдер, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі әйелдер, жалғызбасты әйелдер көмек алады.

Бұған қоса, жанжал ошақтарынан оралған отбасыларға құқықтық және психологиялық көмек көрсетіледі.

Елге оралып жатқан мигранттар мен олардың отбасы мүшелеріне әлеуметтік-экономикалық көмек беріледі.

XS
SM
MD
LG