Ссылки доступа

Бішкек қалалық соты экс-президент Атамбаев үкімін өзгертпеді


Бішкек қалалық соты 1-май аудандық сотының бұрынғы президент Алмазбаек Атамбаевқа шығарған үкімін өзертпеді. Қылмыс әлемінің дөкейі Азиз Батукаевтың заңсыз босатылуына қатысты істі қараған аудандық сот Атамбаевты 11 жылға соттаған еді.

Экс-президенттің адвокаты Сергей Слесаревтің айтуынша, қорғаушылар әрі қарай не істеу керектігін сот үкімін алған соң шешеді.

23 маусымда 1-май аудандық соты Алмазбек Атамбаевты 11 жыл және екі айға соттап, мүлкін тәркілеуге үкім шығарды. Бұған қоса, ол мемлекеттік атақтары мен сыйлықтарынан айрылды.

Қырғызстанда1966 жылы туған шешен ұлтының өкілі Азиз Батукаев 2006 жылы 16 жыл және сегіз айға сотталған. Оған кісі өлтіруге қатысты, есірткі сатты, қаруды заңсыз сақтады деген айыптар тағылған. Батукаев түрмеден 2021 жылы шығуы керек еді.

2013 жылы ол Нарындағы түрмеден босап шықты. Дәрігердің Батукаев "айықпас ауруға шалдыққан" деген қорытындысы осындай шешім қабылдауға себеп болған. Ол Бішкектен Грозный қаласына ұшып кетті. 2019 жылы ішкі істер министрлігі істі қайтадан қозғап, Батукаевтың ауру еместігін, оны түрмеден заңсыз босатқанын анықтаған.

XS
SM
MD
LG