Ссылки доступа

Қазақ-өзбек шекарасында бөгеліп қалған 200-ден астам тәжік азаматы отанына оралды


Қазақ-өзбек шекарасында бөгеліп қалған 200-ден астам тәжік азаматы отанына оралды деп хабарлады Миграция жөніндегі халықаралық ұйымның аймақтық өкілдігі.

Тәжікстан азаматтарының еліне оралуына қаржылай көмекті Норвегия үкіметі көрсеткен. Миграция жөніндегі халықаралық ұйымның мәлімдемесінде коронавирус пандемиясы тұсында қазақ-тәжік шекарасында бөгеліп қалған 1800 тәжік азаматына көмек көрсетілгені айтылған.

"Шекарадан өте алмай тұрған адамдардың ішінде балалы әйелдер, еңбек мигранттары және студенттер бар. Олардың бәрі Тәжікстанға қайтқысы келді. Олардың біразы шекарада санитарлық гигиена сақталмаған жерде тұрды. COVID-19 вирусын жұқтыру қаупі жоғары болды. Бәрі далада шатырда жатты", - деп хабарлайды Миграция жөніндегі халықаралық ұйым.

Аталған ұйым көптеген елдің қиын кезеңде мигранттарға жеңілдік шараларын жасап жатқанына оң баға береді.

XS
SM
MD
LG