Ссылки доступа

Қырғызстанда саяси партияларға 100-ден кем емес адамның басын қосып съезд өткізуге рұқсат берілді


Бішкек аумағында барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, саяси партияларға съезд өткізуге рұқсат етілді деп хабарлайды Қырғызстан астанасының баспасөз қызметі.

Санитарлық талаптарға сәйкес, съезд өткізетін ғимарат толық дезинфекциялануы тиіс. Желдеткіш болмаған жағдайда, әрбір 60 минөт сайын жиналыс өтетін орынды желдетіп тұруы тиіс. Съезге келетін адамдардың саны 100-ден аспауы тиіс.

Басқа да талаптар:

- кіреберісте келген адамдардың дене қызуы өлшеніп, қолы антисептикалық құралдармен өңделуі тиіс;

- съезге қатысушыларды шахмат тәсілі бойынша, 1,5-2 метр қашықтық сақтап отығызуы керек;

- адамдардың бәрі маска тағуы тиіс;

- дене қызуы 37 градустан жоғары адамдарға ғимаратқа кіруге тыйым салынуы тиіс.

Заңға сәйкес, саяси партиялар 20 тамызға дейін съезд өткізіп, Орталық сайлау комиссиясына депутаттыққа түсетін адамдардың тізімін өткізуі тиіс.

XS
SM
MD
LG