Ссылки доступа

Өзбек президентінің кіші күйеу баласы шұғыл түрде қызметінен кетті


Өзбекстан президентінің кіші күйеу баласы Отабек Умаров Триатлон федерациясы және Аралас жауынгерлік өнері ассоциациясы басшылығынан кететінін мәлімдеді.

Өзбекстанның Ұлттық олимпиада комитеті 14 тамызда Отабек Умаровтың өтінішін қарап, қабылдаған.

«Қызметтен кетуімнің себебі қарапайым: Триатлон федерациясының және Аралас жауынгерлік өнері ассоциациясының жұмысы көп уақыт алады. Қазір елде барлық салада, оның ішінде спорт саласында да жеңісті көздейтін, мақсатшыл жастар көп. Олар әрдайым елдің мәртебесін көтереді. Біз аз уақыт ішінде біраз жұмыс тындырдық. Енді келетін жастарды да үлкен іс күтіп тұр. Олардың үлкен жетістікке жететініне сенемін», – деді Отабек Умаров.

Президенттің кіші күйеу баласы Триатлон федерациясын 2019 жылдың наурыз айынан, Аралас жауынгерлік өнері ассоциациясын 2019 жылдың қараша айынан басқарған.

Ұлттық олимпиада комитеті отырысында елдің Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Виктор Махмудов Триатлон федерациясының басшысы болып, ал қорғаныс министрі Баходир Курбанов Аралас жауынгерлік өнері ассоциациясының төрағасы болып сайланғаны мәлім болды.

Шавкат Мирзияевтің кіші күйеу баласы Отабек Умаров бұдан бөлек президенттің қауіпсіздік қызметінің төраға орынбасары қызметін атқарады.

XS
SM
MD
LG