Ссылки доступа

Бішкектегі бір мектеп "директор тамағына" ақша жинаған


Қырғызстан астанасының билігі қаладағы №54 мектепте заңсыз ақша жиналғанын анықтады. Оқушылардың ата-аналары әкімшілікке шағымданған.

Бішкек қаласының білім басқармасы тексеру жүргізген. "Директордың тамағына және басқа да шығындарға" ақша жинаған мұғалім жұмыстан шығарылды. Мектеп директоры И. А. Борисоваға сөгіс жарияланды. Білім басқармасы директорды қызметтен алу мәселесін қарастырмақ.

2019 жылдың қазанында Білім және ғылым министрлігі мұғалімдердің ата-аналардан ақша жинауына тыйым салды.

Мектеп өкілдері ата-аналар комитетінің қаржы мәселесін талқылауына араласпауы тиіс.

Қырғызстанда соңғы кездері ата-аналардан түрлі себептермен ақша жинау жиілеген. Өткен жылы 13 қыркүйекте Сокулук ауданына қарасты Антоновка ауылында 50-ден астам ата-ана митингке шығып, мектеп қорындағы ақшаның есебін жариялауды талап етті. Осындай пикет Жогорку Кенеш ғимараты алдында да ұйымдастырылды.

XS
SM
MD
LG