Ссылки доступа

Тихановская ұлтты бастауға дайын екенін мәлімдеді (видео)


Светлана Тихановская
Светлана Тихановская

Беларусь президентін сайлауда Александр Лукашенконың басты қарсыласы Светлана Тихановская азаматтарға тағы бір үндеу жолдады.

"Елде қайтадан тыныштық орнап, саяси тұтқындардың барлығын босатып, тез арада жаңа президент сайлауын ұйымдастыруға жағдай жасау үшін ұлт лидері болуға мен дайынмын", - деп мәлімдеді Тихановская.

Ол саясаткер болғысы келмегенін, бірақ тағдырдың жазуымен әділетсіздікпен күрес жолына түскенін айтты. "Сіздер маған дауыс бердіңіздер, оны мен бағалаймын, не себепті мұндай таңдау жасағаныңызды да білемін. Барлығымыз да 26 жылға созылған сергелдеңнен құтылғымыз келеді", - деді Светлана Тихановская.

Бірнеше күн бұрын Тихановская Литваға кетті. Оның жақтастары саясаткерге қысым жасалды деп ойлайды. Наразылық акциясына шықпау туралы үндеуді Тихановскаяның қағаздан оқығаны түсірілген видео жарияланған. Саясаткердің жақтастары бұл үндеуді мәжбүрлеп, бопсалап жаздырып алған дейді. Дегенмен бұл үндеуде Тихановская қарсыласы Лукашенконың жеңіске жеткенін мойындамаған, сайлаудың ресми нәтижесіне түсірген шағымынан бас тартпаған.

Жұмада ол Беларусь қалаларының басшыларынан 15 және 16 тамызда бейбіт наразылық акциясын өткізуге жағдай жасауын сұрады.

Демалыс күндері президент Александр Лукашенконың қызметтен кетуін, әділ сайлауды, билік күшінің белсенділерді қудалауды доғаруын, саяси тұтқындардың босатылуын талап еткен мыңдаған тұрғын наразылық акциясына жиналды.

Марш "За свободу"
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:01:49 0:00

Минск қаласындағы акцияға кем дегенде 220 мың адам қатысты. Мұндай мәліметті Tut.By агенттігі жариялады. Акция Брест, Могилев, Гродно, Витебск, Бобруйск және басқа да қалаларда өтті.

Тихановская - танымал блогер Сергей Тихановскийдің әйелі. Билік оның күйеуін үміткер ретінде тіркеуден бас тартқан соң Тихановская сайлауға өзі қатысты. Сергей Тихановский қазір қамауда отыр.

Ресми мәлімет бойынша, 9 тамыздағы сайлауда Лукашенко шамамен 80 пайыз дауыс жинаған. Ресми мәліметпен келіспеген сайлаушылар жаппай наразылық акциясына шықты, билік оларды аяусыз басумен болды. Жүздеген адам жараланды, кем дегенде бір адам қаза тапты.

XS
SM
MD
LG