Әуе компаниясының хабарлауынша, чартерлік рейстер бұған дейін жарияланған кесте бойынша жүре береді.
Компания Өзбекстандағы эпидемиологиялық шектеулерге байланысты осындай шешім қабылдаған.
Билет ақысын қайтару және 1 қыркүйектен кейінгі рейстерге билет алу тәртібі компания сайтында түсіндірілген.
Еске салайық, 16 тамызда Uzbekistan Airways Ташкенттен Нүкіске, Термезге және Үркенішке рейстерін ашты.
Республиканың көлік министрлігінің хабарлауынша, тамыздың соңына дейін АҚШ, Оңтүстік Корея, Түркия, БАӘ және Беларусьтегі өзбек азаматтарын елге қайтару үшін 23 чартерлік рейс жасалады.