Ссылки доступа

Тәжікстанда жас келіншек өзенге үш баласымен секіріп кетті


Тәшікстанның шығысындағы Рашт өңірінде отыз жастағы әйел өзенге үш баласымен секіріп кетті.

Тәжікстанның төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің хабарлауынша, оқиға 16 тамызда болған. Құтқарушылар бір баланың мәйітін тапты.

Әйел мен екі баланың денесін іздеп жатыр. Құқық қорғау органдары оқиға себебін анықтауға кірісті.

Тәжікстанда әйелдердің баласымен суицид жасау оқиғасы көбейген. 2016 жылы 25 жастағы Зухро Муродова төрт баласын алып, өзенге секірген. Барлығы қаза тапты. Тәжікстанның оңтүстігінде тағы бір әйел үш баласын суға батырып, өзі де өзенге ағып кеткен.

XS
SM
MD
LG