Ссылки доступа

Денсаулық министрлігі: дені сау адамдар COVID-19 вирусына қарсы вакцинаны өздері қамтамасыз етуі тиіс.


Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов халықтың 11,5 процентіне ғана коронавирусқа қарсы вакцинаны тегін салуға ниетті екенін түсіндірді.

- Елде қауіп-қатер тобына жататын екі миллион 182 мың адам (Қазақстан халқының 11,5 проценті. — Ред.) бар. Бұлар - жүрек-қан тамырлары ауруымен ауыратындар, жасы 65-тен асқандар, қант диабеті секілді созылмалы ауруы бар адамар. Оларды қорғайтын арнайы әлеуметтік ереже, заңдар бар. Ал әрбір дені асу, жұмыс істейтін адамар өздерін вакцинамен қамтамасыз етуі тиіс, - деп мәлімдеді Қожахметов.

Ол Қазақстанның Covax Facility бағдарламасына енгенін, оған сәйкес, халықтың әрбір бесінші тұрғынына вакцина тегін егілетінін жеткізген. Ол вакцина сатып алу үшін көлік шығынын есептемегенде, 18 млрд теңге (43 млн доллар) керек екенін айтқан.

Вакцина және иммунизация (GAVI) жөніндегі ғаламдық альянстың мәліметі бойынша, вакцинаның бір салу мөлшері 10-20 доллар шамасында болады.

АҚШ-тың денсаулық сақтау министрлігі америкалықтардың бәрі COVID-19 вирусына қарсы вакцинаны тегін алатынын жеткізген.

Қазақстанда тегін медициналық қызмет көрсетуге арналған Медициналық сақтандыру қоры жұмыс істейді. Жұмыс істейтін барлық азаматтар ай сайын төлем төлеп отыруы тиіс: қазір айлығының бір процентін, 2021 жылдан бастап екі прооцентін төлеп отыруы тиіс.

Қазір әлемде вакцинаның 100 шақты түрін әзірлеп жатыр. Бірқатары адамдарға тәжірибе жүргізетін соңғы кезеңіне жақындады.

12 тамызда ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев күзде вакцина сатып алу үшін Мәскеуге үкімет делегациясын жіберетінін мәлімдеген. Кейін Қожахметов Қазақстан барлық сынақтан толық өтпеген вакцинаны сатып алмайтынын жеткізді. 14 тамызда Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова сатылымға бірінші шыққан вакцинаны аламыз деді.

XS
SM
MD
LG