Ссылки доступа

COVID-19: Түркіменстанда бюджеттік мекеме қызметкерлерін медициналық тексеруден өтуге мәжбүрлеп жатыр


Түркіменстан билігі елде коронавирус барын теріске шығарғанымен, Ашғабадта бюджеттік мекемелерде істейтін қызметкерлерді медициналық тексеруден өтуге мәжбүрлеп жатыр. Азаттықтың түркімен қызметі қызметкерлер тексеруден өтпеу үшін пара беріп жатыр дейді.

Редакция тілшісі хабарлағандай, 10 тамыздан бері жергілікті билік "Ашғабаджылу" кәсіпорын қызметкерлерін екінші рет медициналық тексеруден өтуге мәжбүрлеп жатыр.

Бұл үшін медициналық сақтандыруы бар жұмысшылар 17 манат, (Орталық банк бағамы бойынша 4,8 манат), кепілдігі жоқтар 33 манат (9,4 доллар) төлеп жатыр.

Ал 15 тамызда аймақтағы студенттерді Ашғабадқа тасыған пойыздар қалаға жетпей тоқтап қалған. Жолда студенттерді вагондардан түсіріп, дене қызуын өлшеп, сосын жатақханаларға екі апталық карантинге жатқызған.

XS
SM
MD
LG