Ссылки доступа

Қырғызстанда бірқатар салық төлеушілердің қарызы үшін айыппұлы кешіріледі


Салық төлемдері бойынша қарызы барлар 2021 жылдың 1 шілдесіне дейін негізгі соманы төлесе, айыппұлдан босатылады. 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін төлеген адамдарға 50 процент жеңілдік беріледі.

Бұл туралы "Қоса есептелген пайыздар, салық санкциялары, айыппұлдарды қайта қарастыру жөніндегі" заңда айтылған. Құжатқа 17 тамызда ел президенті Сооронбай Жээнбеков қол қойған. Заң жобасын парламент биыл 25 маусымда қабылдаған.

Заң коронавирус пандемиясы кезінде салық төлеушілерді қолдау мақсатында қабылданған.

Құжатқа сәйкес, импортқа қосымша нарық салығы, импортқа акциздік салық және әлеуметтік сақтандыру төлемдеріне жеңілдік беріледі.

Мәселен, егер 2020 жылдың 1 шілдесіне қарай салық төлеушіге айыппұл жазылған болса, ол негізгі қарызын 2021 жылдың 1 шілдесіне дейін айыппұлсыз төлей алады. Негізгі қарызын 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін жапса, айыппұлдың 50 процентін төлеуге тура келеді.

Сақтандыру төлемдері бойынша да осында ереже қарастырылған.

Заң 2020 жылы 17 тамызда күшіне енді және 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін күшінде болады.

XS
SM
MD
LG