Ссылки доступа

Әндіжан басшысы қызының туған күнін дүркіретіп атап өткен (видео)


16 тамызда Әндіжан басшысы Шухрат Абдурахманов кенже қызының 19 жасқа толған туған күнін атап өтті.

Жоғары лауазымды шенеунік үйіндегі аулада басталған салтанатты кеш түнге дейін созылған. Туған күнде Ташкенттен арнайы шақырылған әнші Муниса Ризаева және басқа да әртістер өнер көрсетті.

Кеште түсірілген суреттерді әнші Ризаева Instagram'дағы парақшасында жариялады.

Әлеуметтік желілерде тараған суреттерге қарағанда, Шухрат Абдурахманов кенже қызыныа Gentra автокөлігін сыйлаған. Сыйлықтың құны - 138 миллион сум (13,5 мың доллар).

Қаржы министрлігінің хабарлауынша, облыс әкімдерінің айлығы – 1 млн 899 мың 783 сум (шамамен 190 доллар).

Әндіжан облысын 2013 жылдан бері басқаратын Шухрат Абдурахмановтың кәсіппен шұғылданатыны туралы ресми мәлімет жоқ.

XS
SM
MD
LG