Ссылки доступа

Қырғызстанда жоғары оқу орындары мен колледждерде сабақ онлайн әдіспен басталады


Қырғызстанда жоғары оқу орындары мен колледжерде сабақ онлайн-форматта басталады. Бұл туралы білім министрлігі хабарлады.

Сабақ ZOOM, Google classroom, Moodle, WhatsApp, Skype, электронды кітапхана платформаларының көмегімен өтеді.

Білім министрлігінің хабарлауынша, адам ресурстарын, цифрлы инфрақұрылымды, оқу әдістемесін дайындауға қатысты кеңестер дайындалды.

Сабақтың оқу мекемелерінде қашан басталатыны туралы мәлімет жоқ.

Қырғызстанда 1 қыркүйекте бірінші сынып оқушылары ғана мектепте оқиды. Қалған сыныптар онлайн-форматта оқиды.

XS
SM
MD
LG