Ссылки доступа

Тұтқындағы журналист Бобомурод Абдуллаевтың әйелі күйеуін Ташкентке ұстап бере ма деп қауіптенеді


Бішкекте тұтқындалған өзбек журналисі Бобомурод Абдуллаевтың әйелі Кутликиз Балхибоева күйеуін Бішкек Өзбекстанға құпия түрде экстрадициялауы мүмкін деп қауіптенеді.

"Күйеуімді бір аптадан бері адвокатпен кездестірмеді. Бобомуродты Өзбекстанға экстрадициялады ма деп қауіптенемін. Ол жерде күйеуімді азаптайды. Бұған дейін солай жасаған. Бобомуродты Өзбекстанға бермесе, онда неге оны адвокатпен кездестірмей отыр?", - дейді журналистің әйелі.

Ол Қырғызстан билігінен күйеуін тез арада босатуды талап етпек.

Адвокаттар екі күннен бері қорғауындағы азаматпен кездесе алмағанын растады. "Бобомуродқа тамақ апаратын фельдшерді ғана кіргізеді деп айтты", - деді адвокат Наталья Котик.

Журналист Бобомурод Абдуллаевты 9 тамызда кезде қырғыз арнайы қызметі Бішкекте ұстады. Журналисті ұстап беруді Өзбекстан билігі сұраған.

XS
SM
MD
LG