Ссылки доступа

Ташкентте марқұм денесі үшін 200 доллар сұраған мәйітхана қызметкері ұсталды


Ташкентте мәйітханадан денені шығару үшін 200 доллар сұраған сот-медициналық сарапшы ұсталды. Бұл жөнінде жергілікті БАҚ бас прокуратураға сілтеме жасап хабарлайды.

"Ташкент қалалық сот-медициналық сараптама орталығының маманы З.У. қызметін пайдаланып, И. деген азаматтан 15 тамызда қайтыс болған туысының денесін мәйітханадан алып кету үшін 200 доллар сұраған" делінген мәлімдемеде.

З.У. деген азаматқа қарсы "Қорқыту арқылы пара алу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

XS
SM
MD
LG