Ссылки доступа

Түркіменстанда футболдан чемпионат өтпейтін болды


Түркіменстанда футболдан мемлекет ішіндегі жарыстың үшінші кезеңі уақытша тоқтатылды деп хабарлайды ұлттық футбол федерациясы. Нақты себебі айтылмаған.

Азаттықтың түркімен қызметі мұны коронавирус пандемиясымен байланыстырады. Түркіменстан билігі әлі күнге дейін елінде COVID-19 вирусы анықталмады деп мәлімдеп келеді. Бірақ түркімен үкіметі ел ішінде індет кең тарап жатқан секілді карантин шараларын қатаң ұстанып отыр.

Елде бірнеше ай бұрын маска тақпағандарға айыппұл салып келді. Бұдан бөлек қоғамдық орындарда адамдардан ара-қашықтықты сақтау талап етіледі. Қала арасына қатынайтын пойыздар қозғалысы уақытша тоқтатылды.

Сонымен бірге түрлі мерекелік шаралардың өтуіне де уақытша тыйым салынды.

XS
SM
MD
LG