Ссылки доступа

Қырғыз үкіметі той азаймай жатқан мейрамханаларға бақылауды күшейтті


Қырғызстанның мейрамхана, кафе, ойын-сауық орындарында бақылау күшейтілді. Оған себеп, тыйымға қарамастан той, жиындардың басылмауы.

Бұл жөнінде 18 тамызда ел премьер-министрі Кубатбек Бороновтың қатысуымен өткен коронавируспен күрес жөніндегі республикалық штабтың отырысында айтылды.

«Көбі той, жиындарға барғаннан кейін коронавирус жұқтырады. Соңғы кездері кейбір жергілікті билік өкілдері қадағалауды әлсіретіп, жағдайды уысынан шығарып алған секілді. Бұлай болмауы тиіс. Алда күз-қыз келе жатыр. Біздің басты мақсатымыз – ауру санын азайтып, өлім-жітімді болдырмау. Науқастарға барынша жағдай жасау», - деді Боронов.

Өткен аптада Бішкек әкімдігі 10 күн ішінде кафе мен мейрамханаларға жиын өткізгені үшін 80 мың сом (1000 доллар) көлемінде айыппұл төленгенін жеткізді.

XS
SM
MD
LG