Ссылки доступа

Минскіде билік трансфері кеңесі құрылды (видео)


Үйлестіру кеңесінің қатысушылары (солдан оңға қарай) Павел Латушка, Мария Колесникова, Ольга Ковалькова, Максим Знак, Сергей Дылевский. Минск, 18 тамыз, 2020 жыл.
Үйлестіру кеңесінің қатысушылары (солдан оңға қарай) Павел Латушка, Мария Колесникова, Ольга Ковалькова, Максим Знак, Сергей Дылевский. Минск, 18 тамыз, 2020 жыл.

18 тамызда Беларусь президенттігіне үміткер Виктор Бабарико штабы "Билік трансфері бойынша үйлестіру кеңесінің" құрамымен таныстырды.

Ондаған беларусь және шетелдік БАҚ өкілдерінің сұрақтарына кеңестің мүшелері Мария Колесникова (президенттікке үміткер Светлана Тихановскаяның үзеңгілесі), Ольга Ковалькова (Тихановскаяның сенімді өкілі), Максим Знак (Виктор Бабарико штабының заңгері), Сергей Дылевский (Минск трактор зауытының көтерілісшілер комитетінің жетекшісі) және Павел Латушкого (Янка Купала атындағы театрдың жұмыстан босатылған директоры) жауап берді.

Үйлестіру кеңесінің алғашқы отырысы 19 тамызда өтеді.

Кеңес қатысушылары Александр Лукашенконың өздерін билікті тартып алмақшы, оппозициямен диалог орнатамын деген сөздерімен келіспейтінін жеткізді. Үйлестіру кеңесінің мүшелері елдегі мемлекет қайраткерлеріне, өзге де жоғары лауазымды шенеуніктерге шығып, дағдарыстан шығудың жолын бірге талқылауға шақыратынын мәлімдеді.

Беларусь президенті Александр Лукашенко құрылып жатқан кеңесті "билікті тартып алу әрекеті" деп баға берген.

Беларусьта оппозиция президент сайлауының ресми нәтижесін танудан бас тартқаннан кейін саяси дағдарыс күшейіп кетті. Лукашенконың отставкасын талап еткен мыңдаған адам наразылық акцияларына шықты. Бірқатар өндіріс зауыттары жұмысын тоқтатты.

XS
SM
MD
LG