Ссылки доступа

Өзбекстанда адам саудасының құрбандары туралы ақпарат құпия сақталады


17 тамызда Өзбекстан президенті "Адам саудасымен күрес туралы" заңға қол қойды. Құжатта қылмыс құрбандары туралы ақпарат құпия сақталатыны айтылған.

Заңда адам саудасы қылмысының құрбандарын әлеуметтік бейімдеу тәртібі анықталған.

Жәбірленушілер арнайы мекемеде емделген жағдайда материалдық көмек ала алады. Сонымен бірге оларға уақытша баспана, тамақ, тазалықты сақтау заттары тегін беріледі.

Билік оларға жұмысқа тұруға, кәсіби білім алуға көмектеседі. Жәбірленушілерге туыстарын іздеп табуға көмек беріледі.

Заң баспасөзде жарияланған күннен алты айдан соң күшіне енеді.

XS
SM
MD
LG