Ссылки доступа

Қырғызстан Өзбекстан және Тәжікстанмен шекара мәселелері жөнінде келіссөз жүргізеді


Бішкек Өзбекстан және Тәжікстанмен шекара мәселелері жөнінде келіссөз жүргізеді. Бұл туралы қырғыз вице-премьері Акрам Мадумаров мәлімдеді.

Оның айтуынша, жергілікті билік шекарада жанжал болмас үшін тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков пандемия кезінде шекара мәселелерін реттейтін үкіметаралық комиссия жұмысын жанжандыру маңызды екенін атап өтті. Мемлекет басшысы әсіресе Баткен облысында түсіндіру жұмыстары жүру керектігін айтты. Республиканың осы аймағында жанжал көп болып жатыр.

Қырғызстан мен Өзбекстанның ортақ шекарасы - 1 379 шақырым, соның бес пайызының мәртебесі анықталмаған.

Қырғыз-тәжік шекарасы 976 шақырымға созылып жатыр, соның 519 шақырымының мәртебесі анықталуы тиіс.

XS
SM
MD
LG