Ссылки доступа

Тәжікстанда босан кезінде қайтыс болған әйелдің туыстары өлім себебін анықтау үшін эксгумацияға рұқсат берді (видео)


Фарида Шарифова
Фарида Шарифова

Тәжікстандағы Файзабад қаласында босан кезінде қайтыс болған әйелдің туыстары өлім себебін анықтау үшін эксгумацияға рұқсат берді.

30 жастағы Фарида Шарифова 16 шілдеде босану кезінде қайтыс болды. Марқұмның артында үш баласы қалды.

Дәрігерлер науқастың варикозбен ауыратынын, оның өліміне осы кесел себеп болуы мүмкін екенін айтты. Алайда марқұмның туыстары дәрігерлерді айыптап отыр.

Фариданың әкесі Абдурахмон Шарифов тергеудің созылып кеткеніне абыржиды. "Қызымыз босану кезінде қайтты деп ойладық. Бірақ денені үйге алып келенде, оның аузынан қан кеткенін көрдік. Ол босанбаған", - деді марқұмның әкесі.

Фариданың туыстары науқасқа дәрі салған дәрігерлерді айыптап отыр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, Тәжікстанда 100 мың ананың орташа есеппен 24-і босану кезінде қайтыс болады.

Родные скончавшейся роженицы в Файзабаде согласны на эксгумацию
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:12 0:00

XS
SM
MD
LG