Ссылки доступа

ЮНИСЕФ Өзбекстан үкіметін мектептерді су және сабынмен қамтамасыз етуге кеңес берді


ЮНИСЕФ Өзбекстан үкіметін оқу жылы басталмай тұрып мектептерді су және сабынмен қамтамасыз етуге кеңес берді.

Ұйым мәліметі бойынша, Өзбекстандағы мектептердің 13 пайызында сабын мен су жоқ.

Есепте мектептердің 83 пайызында ауыз су жоқ екені, 78 пайызында тазалып ережелері сақталмағаны айтылған.

ЮНИСЕФ мәліметі бойынша, Өзбекстанда мектептердің жабылуынан 8 млн баланының сабағы үзілді.

ЮНИСЕФ мектептер қауіпсіз болуы тиіс деп есептейді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, әлемде шамамен 820 миллион бала тазалық тәртіптері сақталмайтын мектептерде оқуға мәжбүр.

XS
SM
MD
LG