Ссылки доступа

Қырғызстан қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары: билік қылмыс дөкейлерімен күресте жеңілді


Қырғызстан қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары Омурбек Суваналиевтің мәлімдеуінше, билік қылмыс дөкейлерімен күресте жеңілді. Оның айтуынша, парламент сайлауына қатысқалы жатқан партиялардың артында "қаралар" тұр.

"Қырғызстанда парламентінде, басқа жерлерде де жемқорлық туралы айтады. Бірақ жемқорлықты ұйымдасқан қылмыстық топтар басқарып отырғанын, барлығына солар жетекшілік ететінін ешкім айтпайды. Ертең соққыға жығып кете ма деп қорқады. Өйткені билік ұйымдасқан қылмыстық топтардан жеңілді", - деп мәлімдеді Суваналиев 19 тамызда "Бутун Қырғызстан" партиясының съезінде. Бұл партия да парламент сайлауына түседі.

2019 жылдың желтоқсанында ІІМ басшысы Кашкар Жунушалиев елде үш ұйымдасқан қылмыстық топ барын, оған 421 адам мүше екенін хабарлаған.

Қырғызстанда парламент сайлауы 4 қазанда өтеді.

XS
SM
MD
LG