Ссылки доступа

Сох тұрғынын Ферғана басшысы Шухрат Ганиевке күш көрсетті деген айыппен ұстады


31 мая в ходе на встрече с жителями Сохского района глава Ферганской области Шухрат Ганиев подвергся атаке со стороны местного населения.
31 мая в ходе на встрече с жителями Сохского района глава Ферганской области Шухрат Ганиев подвергся атаке со стороны местного населения.

10 тамызда Ферғана қаласында Сох ауданының 23 жастағы тұрғыны Давлатжон Маллаев ұсталды. Ол облыс басшысы Шухрат Ганиевке қарсы "күш қолданды" деген айыпталды.

Биыл 31 мамырда өзбек-қырғыз шекарасында жанжал болды. Өзбекстанға қарасты Сох анклавының "Чашма" ауылы тұрғындары мен көрші Қырғызстанның мыңға жуық тұрғыны жанжалдасты. Тұрғындар оқиға орнына барған облыс әкімі Ганиевке де тас атқан.

Ферғана облысы Сох ауданына қарасты "Мулгон" махалласының 50 жастағы тұрғыны Насимахон Маллаеваның айтуынша, 10 тамызда оның ұлы Давлатжон Маллаевты Ферғана қаласында ұстаған.

"Ұлым автокөлігін сату үшін Ферғанаға барған. Сол жерде оны ұстып, қамап қойды. Аудан әкімшілігі осылай деп айтты", - деді Насимахон Маллаева.

11 тамызда Ферғана қалалық қылмыстық істер жөніндегі сотта Давлатжон Маллаевтың соты болды. Сот жабық өтті. Маллаевқа "жаппай тәртіпсіздікке қатысты" және "билік өкіліне қарсылық көрсетті" деген айыптар тағылған.

Судья күдікті Маллаевты Ферғана облысындағы №10 тергеу абақтысында ұстау туралы шешім шығарды. Құжатта күдікті абақтыда қанша уақыт отыратыны айтылмаған.

Сох тұрғындары Маллаевтың ұсталуынан секем алып отыр.

– Адамдарды бір-бірлеп тергеуге шақырып, соттайды деген сыбыс тарады. Өйткені Ганиев жанжалға қатысқандар тізімі дайын деп айтқан. Тәртіпсіздікке мыңдаған адам қатысты. Солардың бәрін отырғыза ма? 0 дейді Сох тұрғыны.

Узбекистанский эксклав Сох против губернатора Ганиева: как начался конфликт
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:44 0:00

XS
SM
MD
LG