Ссылки доступа

Әзербайжан мен Ресейдің қылмыс әлемінің бір дөкейін Түркияда атып кетті


Надир Салифов

Түрік ақпарат құралдарының 20 тамызда таңертең хабарлауынша, Әзербайжан мен Ресейдің қылмыс әлемінің бір дөкейі Надир Салифовты (Исмаилов) Анталияда атып кетті. "Коммерсантъ" оны "Бұрынғы КСРО елдеріндегі ең танымал дөкей" деп атаған.

Sabah басылымының​ хабарлауынша, қонақ үйдің мейрамханасында Салифовтың басынан атқан. Күдікті оқиға орнынан қашып кетуге талпынды, бірақ оны полиция қолға түсірді. Газет киллердің есімін атамады.

Салифовты жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізген, бірақ ол сол жерде жан тапсырған, деп хабарлады Haberturk.

47 жастағы Салифов — этникалық әзербайжан, бірақ Грузияда туған. Әзербайжанда Салифов жастайынан қылмысқа үйір болған: ұрлық, бұзақылық, кісі ұрлау қылмыстары үшін оны бірнеше мәрте соттаған. 90-жылдары Әзербайжанда ол 15 жылға бас бостандығынан айрылған, бірақ кейін түрмедегі жаза мерзімі 27 жылға дейін созылған, ол соның 22 жылын өтеп шыққан. Салифов түрмеде отырған уақытта ұйымдасқан қылмыстық топқа жетекшілік еткен.

2014 жылы Салифов Мәскеудегі үш ірі базарға бақылау орнатқан. Ресейде оған қатысты бірнеше қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Бостандыққа шыққан соң Салифов тегін Исмаилов деп ауыстырып, шетелге кетіп қалған. Ресей оған халықаралық іздеу жариялаған.

XS
SM
MD
LG