Ссылки доступа

Өзбекстанда қыркүйекте тұмау мен пневмонияға қарсы егу басталады


Өзбекстанда коронавируспен күрес штабының мүшесі, эпидемиолог Рустам Икрамовтың хабарлауынша, тұмау мен пневмонияға қарсы вакцинация қыркүйекте басталады.

Шенеуніктің айтуынша, коронавирус эпидемиясы кезінде тұмау аурулары күзде ауыр өтуі мүмкін, сол себепті үкімет жаппай егуге дайындалып жатыр.

"Тұмау мен пневмония тудыратын вирустарға коронавирус қосылса, ауру одан сайын ауыр болуы мүмкін. Адамдар алаңдамаса болады. Мемлекет тұмау мен пневмонияға қарсы шара қабылдап жатыр. Вакцина импорты және егу пунктерін құру қолға алынды. Егу қыркүйекте басталады", - деді ол.

Өзбекстанда 36 760 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды, 32 223 науқас жазылып шықты, 243 адам қайтыс болды.

XS
SM
MD
LG