Азаттықтың Ауғанстандағы тілшісінің хабарлауынша, жараланған өзбекстандықты Сурхандария облысындағы Термез қалалық ауруханаға жеткізген. Ресми мәлімет бойынша, шабуыл кезінде жергілікті сарбаз-күзетші қайтыс болған.
Әзірге шабуылды ешкім мойнына алмады.
– Ауғанстанның Балх провинциясы полициясының баспасөз хатшысы (Мазари-Шариф – провинцияның астанасы – Ред.) Алимшах Адил 20 тамызда таңғы 7-де шабуыл болғанын хабарлады. Қанды оқиға Мазари-Шариф – Хайратон темір жол бойында орын алған. Бір адам қайтыс болып, бір өзбекстандық ауыр жарақат алды", – деп хабарлады Азаттықтың Кабулдағы тілшісі Алим Рахманияр.
Ресми емес ақпаратқа сәйкес, Мазари-Шариф қаласына жақын "Тоза Умид" ауылындағы мешітте атыс болған. Онда бір ауған сарбазы қайтыс болып, үш адам жарақат алған.
– Бұдан бөлек екі өзбекстандық қайтыс болды. Біреуі жарақат алды. Оны Термездегі ауруханаға алып кетті, – деп хабарлайды этникалық өзбек.
Бірақ полиция бұл ақпаратты теріске шығарды.
Өзбекстанның көлік министрлігі мен "Узбекистон темир йуллари" компаниясының баспасөз қызметі әзірге бұл оқиға жөнінде нақты ақпаратты білмейтінін жеткізді.