Ссылки доступа

Қырғызстан шетел азаматтарына елге кіру тәртібін жеңілдетті


Қырғызстан шетел азаматтарына елге кіру тәртібін жеңілдетті деп хабарлайды қырғыз үкіметінің баспасөз қызметі.

Ақпаратқа сәйкес, Қырғызстанның оқу орындарында оқитын шетел азаматтары (оқу орнынан анықтама алса жеткілікті), тұрақты тұруға ықтиярхаты барлар, аумаққа емделуге келген және осы елде жақындары қайтыс болған шетел азаматтары (туысының қайтыс болғаны расталатын құжат керек) қырғыз аумағына кіре алады.

Қырғызстан коронавирус пандемиясына байланысты 17 наурыздан бастап шетел азаматтарына (тек жүк көліктері жүргізушілерінен басқа) елге кіруіне тыйым салған.

XS
SM
MD
LG