Ссылки доступа

Беларусьта оппозициялық кеңесті құрағандарға қылмыстық іс қозғалды


Александр Конюк
Александр Конюк

Беларусь бас прокуратурасы Оппозицияның үйлестіру кеңесін құрғандарға "билікті күшпен тартып алмақ" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл жөнінде елдің бас прокуроры Александр Конюк мәлімдеді. Айыпталғандар бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Апта басында президент сайлауының нәтижесіне келіспейтін оппозиция өкілдері Минскіде Үйлестіру кеңесін құратынын мәлімдеген. Кеңес құрамында әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Светлана Алексиевич, бұрынғы мәдениет министрі Павел Латушко, президенттіктен үміткер Виктор Бабарико мен Светлана Тихановская бар. Олар ел президенті Александр Лукашенкомен келіссөз болады деп үміттенетінін жеткізген.

Ал Лукашенко оларды "нацистер" деп айыптап, кеңестің құрылуын заңсыз деп атады.

Үйлестіру кеңесінің мүшелері болса, бұл кеңес ел заңдарын бұзбайды деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG