Ссылки доступа

Жемқорлықпен күрес бюросы: Полиция Навальный уланған өте қауіпті затты тапты


Больница скорой помощи в Омске, где находится Алексей Навальный

Көлік полициясы Алексей Навальный уланған қауіпті затты тапты. Бұл туралы Жемқорлықпен күрес бюросының директоры (ФБК) Иван Жданов хабарлады.

Оның сөзіне қарағанда полиция қызметкері тергеу құпиялылығын алға тартып, қауіпті заттың нақты атауын айтудан бас тартқан. Алайда полиция ол заттың тек Навальный ғана емес, айналадағы адамдардың бәріне қауіпті екенін жеткізген.

Ждановтың айтуынша, полиция хабарламасы туралы сұраған кезде Омбы ауруханасының бас дәрігері "тапсақ, тапқан шығармыз" деп жауап берген.

Навальныйдың әйелі күйеуі жатқан Омбыдағы №1 ауруханаға сенбейтінін айтқан. Оның пікірінше, дәрігерлер Навальныйды Еуропада емдеуге рұқсат бермей отыр. Юлия Навальный олар "Алексей ағзасындағы химиялық заттың жоғалып кеткенін күтіп отыр" деп айтқан.

Жұма күні таңертең Омбы әуежайына ауруханада ессіз күйде жатқан Алексей Навальныйды Берлиндегі ауруханаға эвакуациялау үшін Германиядан медициналық ұшақ жеткен. Алайда саясаткерді Еуропаға әкетуге рұқсат беріле ме, берілмей ме белгісіз.

20 тамызда таңертең Томскіден Мәскеуге ұшқан Навальныйдың ұшақта жағдайы күрт нашарлап, ұшақ шұғыл түрде Омбыға қонған еді. Оппозициялық саясаткер әуежайдан ауруханаға жеткізілген. Ол әлі есін жимады, жасанды тыныс алу аппаратымен демалып жатыр. Дәрігерлер Алексей Навальныйға нақты диагноз қоя алмай отыр. Оның жақтастары саясаткерді улады деп есептейді.

XS
SM
MD
LG